orkeni on insee.me

Orken KENZHEBEK Photos & Videos on Instagram

@orkeni See full size profile   Журналист. Медиалектор. Путешественник. Photo: iPhone XS Сабыржанайрин бойынша сюда -

3 days ago

🚲 Бізге келгенде, әйтеуір, тістері пышақтай. Әйтпесе, Финляндияны 26 жыл бойы билеген Урхо Кекконенге «шо-та ұзақ отырып қалдың» деп біреу бірдеңе айтты ма екен?) Айтайын дегенім, сол ақсақалдан сақалды, тойыс, аталы сөз қалған. «Ұлтың келешегі аутокөліктің санына емес, балалар арбасының санына байланысты». Сол сияқты қай қалада велосипедтің саны көп болса, онда дені сау бұқара қалыптасып келе жатқанына бұлтартпас дәлел бар. Себебі, ол түтін шығармайды, кептеліс туғызбайды, оны тепкен адамның қаны басына жақсырақ тебеді дегендей. Мысалы, Амстердамдағы 825 мыңдай тұрғынның 900 мыңдай велосипеді бар десе, таң қаламыз. Әрине, Амстердам әлі Алматы емес. Оған бізге жету үшін әлі қанша тырысу керек десей.. ⠀ 🚲 Ал бізге әлемнің ең басты велосипед астанасына ұқсап бағу үшін көп дүние де қажет емес. Біріншіден, жол сал! Қазірдің өзінде Алматыда 68 шақырым веложол салынған, оны келесі жылға дейін тағы да 100 шақырымға ұзартқалы жатыр. Екіншіден, велосипедпен жүруді сәнге айналдыр! Осы мақсатта жыл сайын қалада велошерулер өтетінін білесіздер, ол үшін қарапайым өлімділер жүретін жолдарды жауып тастайтынын да көргенсіздер) Алайда, соның арқасында бұл шерулерге 14 мыңдай адам қатысыпты. Кейінгі үш жылдың өзінде 62 велошеру өтіпті, маған, тіпті, тым көп те сияқты) ⠀ 🚲 Үшіншіден, сол велосипедті енді қолжетімді қыл, көшеге шығар! 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қаржылай қолдауымен «Almatybike» жобасы жұмыс істеп келеді. Бұның аясында 1730 велосипедке есептелген 200 станса бар қазір. Бұлар 98 шаршы шақырымды қамтып, 3300-дей белсенді пайдаланушыға қызмет етеді. Расымен, Алматының салауатты өмір салтындағы қала болуына ешқандай велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ. Сол велосипедті жай ғана тебу керек! Сіздер ше, қаншалықты жиі велосипед тебесіздер? #almaty #velo #bike

1.5k0
3 days ago

🔴 Қарасам, атом бомбысы атылған, түскен, ең құрығанда атом реакторы жарылған жердің біразында болыппын. Семей полигоны, Хиросима, сосын Чернобыль. Осылардың ішінде Чернобылдың орны ерекше, обалы не.. Өзі былай болды, «Хабар» ядролық қарусыздануға байланысты фильм түсірсен деп тапсырған. Жауыр болған тақырыпты жаңаша қалай берсем дедім де, Чернобыльдың көрінісінсіз мынауымыз чепуха болады деп шештім. Содан CHORNOBYL TOUR деген туристік компанияны тауып алып, 2 күнге, 2 адамға экскурсияны 724 долларға сатып алдық. Қарамағымызда – қара Спринтер мен Олег деген гид. Режиссерім @kyrykbaev екеуіміз қайда барып, қайда кіреміз десек те, бәріне құлдық ұрып тұрды. ⠀ 🔴 Қазір Чернобыль қауіпсіз бе? Қауіпсіз. Әрине, дозиметрмен жүрдік. Кейде гид бізді қорқыту үшін кейбір тастың астына бастырылып тұрған темірге дозиметрін жақындатып қалады, ол болса, бажылдап жөнеледі. Бір-екі рет қорқытқан соң, тек гидтің ізінен шықпайсың) Екі тәулік жүргенімізде 900 микрозиверт радиация жинап қайттық. Бұны немен салыстырсам екен? Біз Астанадан Киевке ұшқанда ұшақ ішінде алатын радиациядан екі есе кем бұл. Сол үшін де ұшақты екінші үйі қылып алған @kair_n , @toregalitoreali жұмысы - өте ауыр, денсаулығына қауіпті) ⠀ 🔴 Ал не көріп үлгердік? Реактор жарылғанда шыққан радиоактивті күлдің кесірінен күйіп біткен әйгілі Рыжий орманның шет жағасын, тұрғындары көшіп кеткен Копачи, Залесье ауылдарын, қаңырап қалған Припять қаласын, ондағы орман болып кеткен стадионын, құлағалы тұрған қонақүйін, аттракциондар паркін, мектеп, бассейнін, одан кейін атом электр стансасының өзін, салынып бітпей қалған алып градирняларды, өте құпия саналған ДУГА-1 деген үлкен радарды, Чернобыль қаласын, ондағы синагоганы, апатты зарарсыздандыруға ат салысқан техникалар қорымын көрдік. Меніңше, екі күнге аз емес. Әрқайсысына бөлек-бөлек тоқталуға болар еді. Әзірге осыған қанағат. Фото қарай отырыңыздар, бәрі - өзімдікі, солға қарай сілтеңіздер ⠀ #chernobyl #pripyat #ussr #nuclear

2.1k0
4 days ago

🕳 Былтыр барғанмын. Ол кезде ақыл тістері әлі шығып болмаған еді. Соның өзінде ғарыштағы спутниктермен байланыс орталығын іштен көріп, сырттан сүйсініп қайтқанмын. Биыл тағы бардым. Енді оның еліміздегі алғашқы һәм әзірге жалғыз ақылды қала деген атағы бар. Ақкөл ғой.. Астанадан Көкшетауға қарай жүрсең, 100 шақырымдай жерден 13 мың тұрғын тұрақтаған жып-жинақы қала шығады. Алдыңнан да енді) Кезінде немістер көп болған соң ба, сиыры болса да, жапасы көшеде жалпиып жатпайтын, шыбышы болса да, шарбағы қисаймаған мекен. Осы Ақкөлден @telecomkz smart қала жасауға барын салып жатыр. Өз ақшасын салып жатыр. ⠀ 🕳 Неге Ақкөл? Неге Құлсары емес? Себебі,1973 жылы әскери бөлімшелермен байланыстың құпия торабы салыныпты мұнда. СССР бойынша осындай 15-ақ станса болған. Жерден төрт метр төмендегі бункердің дәл төбесінен 5 килотонна күші бар бомба тастасаң да, былқ етпейді екен. Қазір мұнда ақпаратты тұздап, сүрлеп сақтайтын дата орталық дүрілдеп тұр. Сосын ғой, қасына SmartAqkol-ді қойғаны. Мұнда Ақкөлдегі барлық үйге, көшеге, мектеп-бәлніске қойылған датчик, камера, сенсорлардан келген ақпарат бір қазанда қуырылады. Соның негізінде мамандар шешім қабылдайды. ⠀ 🕳 Мысалы, жалғыз кемпір тұратын үйде үш күн бойы су қолданбағаны белгілі болса, үйіне адам жібереді. Бұл үшін қаладағы жүз шақырымдай кабельді ауыстырып, су, тоқ, жылу, газ есептегіштерін қайта орнатып шыққан. Енді есептегіштер өздері-ақ керек жерге ақпаратын жіберіп отырады. Көліктің аз-көптігіне байланысты жануын реттеп отыратын бағдаршамдар, адамды кескінімен танитын, төбелес басталса не қаруды байқаса бірден хабар беретін камералар қойылған. Көшедегі жарық біреу жақындаса, жарқырап, ешкім өтпесе, көмескі тартады. Енді көшедегі люктердің ашылып қалғанынан хабар беріп отыратын датчиктерді тексеріп көрмекші. Егер осы Ақкөлде ойдағыдай өтсе, ақылды қаланың жүйелерін басқа қалаларға да енгізуді жоспарлап отыр. Өміріңіздің қауіпсіздеу, ыңғайлылау, үнемділеу, бірақ толық бақылауда болғанын қалайсыз ба? Қаламасаңыз да, бізде не хал бар? Ертең кеше басталып кеткен.. ⠀ #smartcity #aqkol

1.9k0
1 week ago

Америкалық HBO «Чернобыль» деген сериал түсірген. Кім не түсірмей жатыр қазір.. Өзі бар-жоғы бес бөлім. Алпыс минуттан. Қысқасы, осы сериал 9,7 ұпаймен бұл әлемдегі нөмірі бірінші киноқор – ImDb тізімінде 1-орынға тұрақтады. Шыққаны кеше. «Во все тяжкие» де, «Игра престолов» да, қандай керемет сериалды білесіз, бәрін артта қалдырды. Сыншылар да, көрермендер де бұл ғажапты түсірген адамның аяғын жуған суды ішуге даяр жүр. Фу, дәл бұлай емес енді, жарайды, қолын жуған суын дейінші) ⠀ Ал осы сериалдың авторы Крейг Мазин «Очень страшное кино», «Мальчишник» секілді кіндіктен төмен фильмдерге сценарий жазумен көзге түскен. Бұл пәлелерде не деген деңгей деймін де.. Төмен талап қойсаң, тіске кіретін дүние де жасай салады, өте жоғары талап қойсаң да, оған да бір секіріп, ала қояды. «Черное зеркало» деген сұмдық сериал бар. Менің рейтингім бойынша ең мәшқара сериал осы. Қазір шығып жатқан технологиялардың - мынау сотка, анау Фэйсбуктың өмірімізге қандай әсері болуы мүмкін екенін жалаң жүйкеңе дейін сездіртеді. Соны жазған да ағылшынның әзілқойы. «Прочь» деген қорқынышты фильм 2 жыл бұрын Оскар алған. 4,5 млн долларға түсіріп, 255 млн доллар табыс тапқан. Енді соны жазған да, түсірген де жүрген бір комик. Стендапта жүрген комик. Бұлардың әзілқойының өзі жазған дүние Оскар алып, телевидение тарихындағы ең үздік сериал боп жатады, әйтеуір) ⠀ Осындай болу үшін не жеп, не ішеді, білмеймін. Ал сіздерге тапсырма – ең болмаса HBO-ның Чернобыль сериалын міндетті түрде көріңіздерші. Өтірік пен қорқыныштың қандай апатқа апаратынын көресіз. Сериалда академик Легасовтың «Әрбір өтірігіміз шындыққа қарыз қылады. Күндердің күнінде осы қарызды өтеуге мәжбүр боламыз» дейтіні бар. Расымен, шындық шымбайға батқан сайын, оны ұмыту үшін өтірік айта береміз. Бірақ, ол жинала беріп, бір күні Чернобыльдағы реактор секілді жарылады.. Егер фильмді көргендердің саны басым болса, онда Чернобыльға не үшін 3 жыл бұрын барғаным туралы жазамын. Мынау сол кезде түсірген фильмімнен үзіктер. IGTV-ыма барсаңыздар, толық тұр #chernobyl #pripyat #nuclearbomb #hbo

2.3k0
1 week ago

Қалайсыздар? Жүйкеіңіз биттің қабығындай жұқарып кетті ме? Бит демекші, қазекем иттен гөрі битті жақсырақ білген сияқты) Аса бай адамды «үстінен бит домалаған», тақыр кедейді «биті балағына түскен», жоқтан бар жасайтын іскерді «бит терісінен биялай тіккен», ештеңеге мән бермейтін адамды «бит шаққандай», зұлымды «бит ішіне қан құйған», білгішті «білмейтіні бит астында», ерекше шеберді «бит тағалаған» деп сипаттаған, уф, бітті ме өзі?) Қараңызшы, қазекем тұрқы ары кетсе 3 миллиметрден аспайтын пәлекетті адамнан артық танып-білген. Оның қасында өзін тануы что стоит? Оңай ғой. Қоғамды, жүйені, заманды тануы ше, қиын болмаған-ау.... ⠀ Қазір ғой, оған қарап өзіңді танитын бит жоқ. Оңбаған хедыншолдырс! Сосын ба, ниетіміз дұрыс, амалымыз бұрыс боп кете ме, жанашырлығымыз жанайқай шығару боп кете ме, әйтеуір, битті баласынан артық білген бабалар тағаты жетпей жатады. Кейде деймін.. Билік те рөлде отырып, қалғып кетеді. Встречкаға шығып кетеді. Кейде деймін.. Не ғой, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Енді ол – заңды президент. Қатты толқып тұрды. Оңай емес. 12 сағат бойы сложный операция жасап біткенде, адам ішінде қолғап қалып кеткенін білген секілді күй. Қайтадан операция жасау керек. Соңғы жағдайлар сызы, азаматтардың талабы Тоқаевтың сөзінен орын таба ма екен деп мен де қобалжығанмын. ⠀ Толықтай орын тапты. Ел жағдайын жақсартар он бағыт ұсынды. Сананы тұрмыс билейді дей ме Маркс, сол үшін табысты арттыру керек дегеннен бастап жемқорлықпен күрес, сот, құқық қорғау жүйесін реформалау, жұмыс орындарын ашу, баспанамен қамту, білім мен медицинаны дамыту, өңірлерді көтеру, жастарды қолдау.. бәрін қамтыды. Бастысы, билік пен қоғамның арасын қашанда әлеуметтік шарт байлайды. Нәзік қатынас жалғайды. Тоқаев бұқарамен арадағы осы диалогты күшейтуге пәрмен берді кеше. «Разные мнения, но один народ». Кімнің пікірінің астарында жанашырлық, бетінде жаңашылдық жатса, оның бәрі қабылдануы керек деді. Сол үшін Қоғамдық сенімнің Ұлттық кеңесі құрылады. Алғашқы отырысы – тамызда. Қоғамның әр қатпарындағы адамдарды тартады 👇👇👇

3.2k0
1 week ago

Екі күн болды - ішкенім ірің, жегенім желім. Қазір боп жатқан дүниені қорытуы керек миымның суы қызып, буы шығып кетті. Сіздерде де солай шығар, ә? Кімге де болсын, оңай емес қаз. Маған да, оған да, Ринатқа да, Қосановқа да, тіпті Қайрат Нұртасқа да. Өзі қызық. Әлемдегі ең сауатты елдер тізімі бар. Сонда Қазақстан 99,6 пайыз халқы сауатты деп 11-орында тұр. Франция 31-ші, Жапония 35-ші, позор, Сингапур 74-ші орында. Біз тым сауаттымыз. Ол деген не? Жай ғана қаріп танимыз деген сөз. Туалетке кіргенде М және Ж деген әріптерді оқып, соған сай есік таңдау – сауаттылық. Өмірі бармайтыныңды білсең де, Эфиопия астанасы Аддис-Абеба екенін жаттау – сауаттылық. ⠀ ⠀ Бірақ, осы жаппай сауатты болу бізге қамсыз өмір, жұмсақ төсекті қамтамасыз етпейді екен. Әлі көп нәрсе керек екен. Қаржылық таным, мысалы. Өзбек секілді баласына бес теңге беріп, он теңге қылып қайтар деп айтамыз ба? Сол таным жетпегеннен де бәлкім, тоғыз кредитке дейін алып, тозып жүрміз.. Діни ілім, мысалы. Кешегі еттен қалған сүйекті қоқыс шелегіне тастайсыз ғой, вот, соған балаңыздың Памперсін де тастамаңыз. Себебі, сүйек – мұсылман жынның тамағы. Сол үшін оны нәжіспен ластауға болмайды. Сол үшін де мұсылмандар ештеңе таппай қалса да, сүйекпен құйрығын сүртпейді. Элементарно, бірақ көп пе осыны білетін? Қисынға (логика) кім үйретті бізді? Сирияда бәрі супер екен деп кетіп жатқан жасқа мектепте критикалық ойлау дегенді үйретті ме? Қадыр Мырза Әлі секілді тойға барудан өзін тыйып, кім уақытты игерді? Саясат Нұрбек секілді үздіксіз білім алуды кім өзіне міндеттеді? ⠀ ⠀ Саяси сауатымыз қандай? Ол туалетте отырып алып, күшеніп коммент жазу емес. Ол адамдардың үмітін үзіп, алаңға айдау емес. Ол Сіздің қытайға не орысқа деген өшпенділік шкаласымен өлшенбейді. Ол БӘСЕ бейнелерін кадр-кадрымен жаттап алуыңызбен өлшенбейді. Ол өз пікіріңді жүз өзгерту де емес. Қосановты қолдап еді, кеше қопал деді, Ринатты қолдап еді, кеше сатқын деді – шешімін білімге, анализге, тактикаға емес, ет қызуы, көңіл қалауымен шығаратындардан қорқамын, құрысын. Бәрі – мас. Бәрі – қызу, әйтеуір. Енді билік бұрынғыдай болмайды, болғызбайсыздар. Өзгерістер басталады, өзгертпей де қоймайсыздар. Бірақ, Сіз де, мен де өзгерейікші 👇👇👇 ТҮЙІН

3.1k0
2 weeks ago

Дауыс бердім. Жұмысымнан 10 қадам жердегі №110 сайлау учаскесіне барып, 5 минутта парызымнан құтылдым. Осы уақытқа дейін 5 рет президент сайлаған екенбіз, мынау – алтыншысы еді. Алғаш рет Назарбаевсыз, тұңғыш рет әйел қатысқан, бірінші рет 7 адам түскен сайлау екенінен бөлек, мына Сіздер, ел-жұрт осы күйге өте саясиланып жеткен сайлау болды. Қаншама танысым сайлауға бақылаушы ретінде қатысып жатыр. Қаншама досым дәл осы сайлауда бұрын сары майдай сақтап жүрген дауысын бірінші рет беріп жатыр. Сондықтан, президенттің өзі уәде еткен әділ сайлау үшін, қазіргі заң шеңберінде әрекет етіп жатқандары үшін дән ризамын көбіне! ⠀ Мүмкін, сол үшін де бүгін бір бюллетень орнына алтауын умаждап тастаған, бақылаушының көзін ала бере, урнаны толтырып тастаған, өшіп қалатын ручкасы бар бейнелер көп тарады. Уатсаппен. Кей бейненің шын екеніне күмән да туып жатыр. Мысалы, бірнеше бейнеде көк шымылдықтардың етегі жер тиіп тұр. Негізі, биыл бір кабинаның ішіне бірнешеу кіріп кетпесін деп шымылдықтың етегін қысқартқан еді. Күмән дегенім сол, мүмкін алдыңғы сайлаулардікі ме екен.. Сондықтан, кім бейнеге түсірсе де алдымен өзін таныстырып, содан кейін барып, бүгінгі дата, учаске нөмірін айтып барып, түсірсе. Сонда сенімдірек. Сосын сайлауды көп жерде мектеп ішінде өткізуді, сайлау комиссиясының мүшелеріне мұғалімдерді тартуды тоқтату керек-ау. Дым абырой әкелмейтін іс, шын. ⠀ Қай сайлау учаскесінде адам аз келсе, соған сөгіс жариялайды. Бейресми түрде. Себебі, явканың аз болуы аудан әкімінің, ол облыс, қала әкімінің «абыройына» дақ. Ал сайлау учаскесінің көбі – мектеп, жауаптысы сонда мектеп директоры боп қалады. Содан келіп, қолынан келсе де, келмесе де заңсыздыққа баруға өзін де өзгені де мәжбүрлейді. Тағы да мұғалімдер ит боп қалады.. Айтарым көп еді, жетер, ал бүгінгі митинг туралы ойым – сторисімде болады. Сіздерге бір сауал - бүгін 00.00-де алдын-ала қорытынды шығады. Кім қанша дауыс алды деп.. Сіздің ойыңызша, Тоқаев қанша пайыз дауыс алады? Қаласаңыз, Қосанов қанша пайыз дауыс алатынын комментарийге жазсаңыз. 00.00-дегі қорытындыға дейін жазғандар арасынан нәтижеге кім көбірек жақын болады, соған 10 000 теңге аттым. Атымнан) Ал кеттік!

3.6k0
2 weeks ago

🕶 Бір-бір жарым ғасыр бұрын бізде төрт мектеп болған дейді. Деген – @bekbolat.tleukhan ағам. Негізгілерін айтқан да. Батыс Қазақстанда - Жәңгір хан салдырған мектеп. Жетісуда – Мамания мектебі. Баянауылда – Мұса Шорман салдырған мектеп. Торғайда – Ыбырай Алтынсарин мектептері. Салыстырмалы түрде айтқанда, сол кездегі қазақтың қаймағы осы төрт мектепте түзілген. Былай айтқанда, су толы үлк-е-е-е-ен цистернананың төрт-ақ жерін тескен секілді ғой.. Олай айтқанда, айта беретін болсаң ә), егер осы мектептердің саны 4 емес, 16 болғанда, 16 емес, 25 болса, біз қандай болар едік? Па, шіркін! Басқасын былай қойғанда, сол кездері бізде тіпті Құранның қазақша аудармасы болмаған ғой.. ⠀ Қазір не? Білім алуға ынтығып тұр ағайын. Әне, @aidyn_nury осы айда стадион толтырғалы жатыр, @kuantr онлайн-университетін дүрілдетіп жатыр. Былай онлайн-курсын беріп жатқан, аймақтарда адам жинап жатқандар көп. Тақырып жетеді. Маған салса, негізі копирайтинг тақырыбы қызық. Жаза білу өнері. Жарнамалық мәтін жазу. Қандай кәсіпте болсаң да, жаза білсең, ол артықтық етпейді. Мысалы, осы жазу – мына менің нан-суым. Бұйырса, бұл жағынан менің де онлайн-курсым болады. Әзірге осы жазу өнерінен қазақша үйретер қандай оқу бар десеңіз, айтайын. @elvira_ergalina мен @shuakh деген деген мықты блоггерлердің @insta_kampit деген құжырасы бар. Сол достарым деген тамаша курс дайындап жатыр. ⠀ Бұл курста сатылымдық мәтін формулаларын, пайдалы ақпарат жазу тәсілдерін, контент-план жасауды, өз аккаунтыңа қызықты контент жазуды, мәтінді редакциялауды, сауатты рерайтинг жасауды үйретеді. Бүрсігүні басталса, 21 күн жалғасады. Күнделікті тапсырма береді, тікелей эфирде сабағы болады, қысқасы, сапасына сөз береміз деп отыр. Қатысамын десеңіздер, @insta_kampit дайректіне жазыңыздар! #instakampit

1.8k0
2 weeks ago

Сайлау. Осы демалыста. Баратыным анық. Бюллетень алып, шымылдықтың арғы жағына кіріп дегендей. Бұл сайлаудың бергі жағы ғой, арғы жағында да болған кезіміз болған, есіме түсіп кетті. Әсіресе, 2004 және 2007 жылдары парламенттік сайлауларда көк есектей еңбек еткенбіз. Тараздамын. Қалалық әкімдікте компьютердің құлағын шұқитын үш баламыз. Баламыз дегенім, жасымыз сонда жиырмаға жеткен или жетпеген. Содан қала бойынша тоқсан сайлау учаскесі бар, күн сайын ертемен біздің тар кабинеттің есігінің алдында топырлап тоқсан адам тұрады. Қолдарында бума-бума тізім. Біз сол үш жігіт әлгі қағаз тізімдердегі аты-жөндерді компьютердің миына тоқимыз. 140 мың сайлаушы бар еді, әр адамның атына саусағымыздың ұшы тиді солай. ⠀ Анау жұмыстың ауыртпалығын айтуға келмейді. Күн көрмейсің. Таң атпай алып кетеді, түн ауа әкеліп тастайды. Еститінің – ұрыс. Жейтінің – самса. Тоқсан адам тірлігін тез бітіргісі келіп, төбеңнен төніп тұрады. Үлгермей жатасың.. Одан стресс. Содан менің қанымның қайнағаны сонша, әлгі адамның біреуінің көзіне қайшы тығып, екіншісінің құлағын степлермен тескім келіп тұратын. Олар бұл пиғылымды қайдан білсін) Өйтіп-бүйтіп ол сайлауларды өткергенбіз. Мынау ше? ⠀ Бұл да өтер. Бірақ, кімге дауыс береміз? Танитынымызға шығар. Мысалы, коммунист Жамбыл Ахметбековтың қайынатасының аты - Өркен. Сосын ол 4 қыздың дардай әкесі. Кейде сол көкем өзіне ыңғайсыз рөлді алып шығуға қыздарының жарқын болашағы үшін келіскендей көрінеді) Анау Сәдібек Түгел кезінде «Өркен» деген аудандық газетте аудармашы болған) Тәк, Тоқаевтың ғана Өркенге дым қатысы жоқ екен. Оның не артықшылығы бар десең, алдымен қанша жыл биліктің басында болғанымен, бірде-бір кланның адамы деген ярлық тағылмаған. Бірде-бір коррупциялық дауға ілінбеген. Бұл әрине қазір өте сирек құбылыс. «Қарақалпақстанды өзімізге қосып алайық» дейтіндей ұшқары саяси амбициясы жоқ. Әр сөзінің салмағын біледі. Дипломат қой енді. Және БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары болған, оның Женевадағы филиалын басқарған жалғыз қазақ. Ол кісінің елге ие боп қалуына намектар сол кезден басталған. Себебі, сырт әлеммен жақсы болсаң ғана, құлағың тыныш. Солай емес пе?

2.3k0
2 weeks ago

🕶 Мынау – кешегіме қайшы мәтін. Этнофестиваль өткеннің тінін өзімізден іздеп көруге талпыну еді. Ал Comic Con Astana.. бұл енді, бұл қазір соғып тұрған тамырыңыздың бүлкіліндей тым жақын,тым жарқын дүниенің жарнамасы. Бұл – басқа әлем. Мен түсінбейтін, тіпті, менің оларды түсінуге тырысуымның өзін менен де үлкен буын айыптайтын әлем. Астанада алғаш рет өткеннен кейін адам аз бола ма дегенмін. Қайдағы, үш күннің екінші күнінде 33 000 адам келген. Сенемін. Өзім көрдім, мына көзіммен 😳Косплеерлерден көз сүрінеді. Косплеер деген комикс, фильм, анимедегі кейіпкерлер секілді киінуге еліктеушілер ғой. Құмырсқа адам, Жарғанат адам секілді адам мен айуанның шатасынан бастап атының өзінен-ақ мен шатасатын кейіпкерлер жүр. Сол образдардың үздігіне сый берді. 1,5 миллион теңге, мысалы. ⠀ 🕶 Бала-шаға көп. Аяққа оралады. Себебі, бүгінгі комикстерді тұтынушы осылар. Мына жақта «Игра престоловтағы» темір таққа отыруға кезек, ана жақта сол фильмде Эурон Грейджой деген жауызды ойнаған актермен суретке түсуге кезек. Комиксті сатып алуға да кезек. Үстел ойынын ойнауға да кезек. Сол жерде жүрген он мыңдай адамның ішінде мен ғана шығар кезекке тұрмаған. Өзімше бұлардан гөрі ақыл тоқтатқан адам ретінде көрінейін деп кеудемді керіп жүрдім. Шын айтсам, түсінбей жүрдім. Марвелден тек Темір адам ұнайды. DC Comics –тен тек Крис Нолан түсірген Бэтмен, яғни «Қара сері» ұнайды. Қалғандарын.. жоқ. Дегенмен, бұл қазіргі мәдениеттегі мейнстрим екенмін мойындаймын. Сондықтан да бардым. Бізден кейінгі буынның тынысын сезу үшін. Не қарайтынын, не көретінін, ненің трендте екенін білу үшін. Сездім ал) ⠀ 🕶 Сіздерге ше, комикстер ұнайды ма? Мынау – Аватар фильміндегі Аанг. Суреттерді оңға қарай жылжытсаңыз, қалған кейіпкерлер де шығады. Оларды енді танымайсыздар-ау) #сomicconastana #comiccon #comics

1.7k0
2 weeks ago

🔴 Қала деген былай қарасаң, екі жолақ жол, төрт қабырға там. Соның үстіндегі суағар, астындағы боқағар, жанындағы қоқыстастар жүйесі. Одан бөлек басына кептер кәкәт етіп кететін қола мүсін, шым көгал, тағы не бар еді? Театр. Кітапхана. Кәроч, мына Сіздің тұруыңызға әрі тірлік жасауыңызға қолайлы орта болуы тиіс ол. Кітаптарда осылай жазылады. Сосын адам да шаршайды, таусылады ғой. Міне, осындайда қаланың жанын мейрам, фестиваль-карнавалдар кіргізуі тиіс. Интернетте солай жазады. ⠀ 🔴 Ал шын мәнінде анау Бразилиядағы карнавалды қараңызшы. Қара дегенде, оразада негізі қарамағандарыңыз абзал) Сол думанды биыл жеті миллиондай адам көріп, оның бір миллионы – турист болыпты. Анау АҚШ-тың ит байласа тұрмас бір шөлінде Burning Man деген фестиваль өтеді. Ең соңында үлк-е-ен шөмелені өртейді де қайтады үйіне. 70 000 адам, жетпіс мың! Бізге жалаңаш құйрық не керек? Шөмелені өртеу де қызық емес. Ал үш күн бойы астанамыздың ортасына ауыл көшіп келсе ше, вот – қызық! @nursultan.etnofest осы мақсатты көздеген. Ондыққа тиген секілді. ⠀ 🔴 Осы думанға әр елден келген мергендер де ондықты көздеп жатты. Жылқыны әліппедегі «Ж» деген әріп тұрған жерден ғана білетін қала балалары атты қасынан көріп, оның да иісі, тіпті қиы болатынын көріп, таң қалып жатты. Мына жақта түйені қомдап, оған қолқа салып жатты. Иә, біреуге қолқа салу деген біздің тек тілімізде қалған. Бірақ, ол не өзі? Сөйтсек, ол түйеге жүк артқанда оның салмағы арқасын қиып кетпес үшін салынатын қалың киіз екен. Соны дәл солай көрсетіп жатты. Тек ол емес, «тезге салу», «мәймөңкелеу», «үскілеу» секілді тілде ғана қалған баяғы тұрмысыздың техникаларын көрсетіп жатты. Әсіресе, балалар мәз. Кішкентай киіз үй тігуді үйреніп, шалма салып, бойындағы қазақылық ДНК-лары бір аунап қалды) ⠀ 🔴 Айтыс, жәрмеңке, концерт, үш күн сайы ауызашар.. оның бәрі түсінікті, соңынан қалаға @etnosport.kz атынан 5000 асық пен оны ойнауға болатын кілемшенің жинағын сыйға тартқаны ұнады. Оны аула клубтары мен спорт мектептерінің арасында таратады. Осы. Ұнады. Жалғасқанын қалаймын. Ал бұны ұйымдастырған @rahatzhaksybay досым, әрине жарап берді! #nursultanetnofest #astana #nur -sultan #etno

2.2k0
3 weeks ago

Бөлісіп жіберіңіздер! 🕳 Сұлтанмахмұт Торайғырдың Әлихан Бөкейханов туралы лебізі бар. Сонда Әлекеңе "Елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, көрдей сасық ауа, темірлі үйде алаш үшін зарығып бейнет еткен, болса да қалың тұман, жарқылдаған түймеге алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған" деп өлтіріп тұрып сипаттамасын береді. Бұл сипат тек Әлиханға ғана емес, соны айтқан Сұлтанмахмұтқа да, Міржақыпқа да, Бейбітке де, бар Алашшылға арналған еді. Осындай сом-сом ерлерді советтің төсіне соғып-соғып, мылжасын шығарғанмен, қазақ деп соққан ыстық ықыласына, қайтпас қайратына зәредей зиянын тигізе алған жоқ ешкім. Өмірі көріктің ішіне кіріп кеткендей жан төзгісіз болғанда да, біреуінің аузынан "Осыдан ел болмасақ, шетелге көшіп кетемін", "Осыдан бірдеңе шықпаса, халқым надан, жақыным жат болсын" деген сөз шықпады-ау. Қазір ғой, шыбық тимей жатып, шыңқ етерміз.. ⠀ 🕳 «Аштықтан 3-4 миллион қазақ қырылып қалды» дегенді осылай мәтіннен оқысаң, жүрегіңді қозғамайды. Өткенде тіпті бірнеше мысалын алып, осында салып едім, «сонымен, шүкір деп айтқыңыз келіп тұр ма?» деп төске шапқандарыңыз да болды. Аштық көрмеген адамбыз ғой. Тоқсаныншы жылдары күніге пиязға колбасаны қуырып жегеніміз саналмайды. @myngzhanmoldabek ағам ауылдағы колбаса цехта қызмет жасағанда, айлықтың орнына колбаса беретін. Ол да тамақ. Апам Күнімай нан көгеріп кетсе де, ештеңе етпейді деп жеп қоятын. Нанның қоқымын тастатқызбайтын. Ол да аштық көрмеген еді. Бірақ, анасы Ұялдық аштықтан аман қалған ұрпақ болатын. Соның әңгімесін бізге айтып отыратын. Бойжеткен қыздарын бір уыс бидайға айырбастап кететінін.. Жетімдердің түнде қазанды төңкеріп алып ұйықтайтынын.. Қазір апам тірі болса, дәу алманы бір тістеп, жерге тастай салатын менің қыздарыма ұрсар еді.. Ой, бір ұрсар еді.. Қазір ғой, тойға барғанда жер қайысып тұрған дастарханның көбі қоқысқа тасталады. Екі самсаның бірі, бір мәнтінің жартысы. ⠀ 🕳 Сондайда Ахмет Байтұрсыновтың Әлиханға «Нан алатын ақшам таусылып барады» деп жазғанын еске аласың.. Представляешь, ұлт ұстазы былайша айтқанда бұрынғы басшыдан нанға ақша сұрайды. Сондай заман болған...

1.8k0